$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік Винокуровтың жұмыстан шеттетілуіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазір "Астана" Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі "Астана" командасында Александр Винокуровпен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады", - делінген хабарламада.

Қазір "Астана" Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі, делінген министрлік хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары