$ 494.87  520.65  4.91

Енді мәслихаттар әкімдерге сенімсіздік білдіре алады: Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Күні кеше «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер енгізілді.

Күні кеше «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер енгізілді, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жалыққа сәйкес, енді мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі. 

Осы ретте ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қариннің айтуынша, Президент көмекшісі аталған түйінді бастаманың іске асуын саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға ретінде бағалап отыр.

«Президент бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлаланады. Қалған әкімдерді сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы алғаш рет Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте өзінің Жолдауында айтқан болатын. Ал 2021 жылдың 24 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге мүмкіндік беретін түзетулерді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұл бастама жүзеге асырылды», - дейді ол. 

Ал, саясаттанушы Расул Жұмалы күзде жоспарланған ауыл әкімдерін сайлауға санаулы уақыт қалғанын айта келе, жергілікті өзін-өзі басқаруды жолға қою керек екенін жеткізді.

«Әкімдерді тағайындау емес, сайлау керек деген талапты оппозиция талайдан бері қойып келген еді. Енді Президент жарлығымен ондай мүмкіндік заңдастырылды. Өкінішке қарай оппозиция аталған додаға белсенді қатысып өз үміткерлерін алға тартудың орнына қайта үн-түнсіз, сол баяғы бір-бірін қаралаудан бас көтерер емес. Ауылды өркендетуге арналған бағдарламалары да көрінбейді. Есесіне, «Нұр-Отан» сайлауалды шараларға ертеден кірісіп кетіп, дауыстың көпшілігін қайта алатын түрі бар. Айтпағым, саясат құр сынау мен атойлау, қит етсе үлгермей қалдық деп бойкот жариялай салу емес, халықпен кешенді ұзақ мерзімді жұмыс, ағартушылық, өз күн тәртібіңді ұсыну, бірлесу, - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары