27.06.2021, 09:00

Жойқын соққыларын дарытты: Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын жеңді (ВИДЕО)

Тіпті алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға жіберді.

Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол америкалық қарсыласы Роб Брантты жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

WBА нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы мен отандасымыз арасындағы кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. 10 раундқа жоспарланған кездесу мезгілінен бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы 8 раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, тіпті алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға жіберді. Ал 9 раунд басталар тұста Роб Бранттың жаттықтырушылары боксшының алаңға шықпайтынын мәлімдеді.

Осылайша жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.