27.06.2021, 15:54

Павлодардың орталығында жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: azattyg. ruhy
Олардың бірі — елорда тұрғыны.

Павлодардың орталық көшелерінің бірінде түнде болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды деп жазады Tengrinews.kz.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда Toyota Windom мен Lada Granta автокөліктерінің соқтығысқанын байқауға болады. Lada көлігі айтарлықтай зақымданған.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 27 маусым күні түнгі 2:55-те Астана мен Исиналиев көшелерінің қиылысында болған.

«Toyota Windom және Lada Granta автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Анықталғанда, қайтыс болған екеудің бірі — 36 жастағы әйел адам, астана тұрғыны болса, екіншісі 31 жастағы ер адам, Павлодар облысы Шақат ауылының тұрғыны. Сондай-ақ, жарақат алған үшеудің бірі — 1997 жылғы қыз өте ауыр жағдайда ауруханаға жткізілген, ол жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр. 1995 жылғы ер адам мен 1997 жылғы қыз бала да жабық ми жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Тегтер: жол апаты