$ 446.49  475.38  4.79

«Салонда 12 адам болған»: Ақтөбеде жолаушылар автобусы аударылды

Олардың үшеуі бала.

Ақтөбе облысында автобус аударылып түсті. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы 27 маусымда Бөгетсай кентінің маңындағы "Самара-Шымкент" автожолының 916-шақырымында болған. Автобуста 12 жолаушы, оның ішінде үш бала отырған.

"Паз-32054" автобусының жүргізушісі жол жүрісі ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған уақытта көлік құралы тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жүріп бара жатып оң жаққа аударылып түсті", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Автобус отбасылық іс-шарадан Ырғыз ауданы Калинин ауылынан Ақтөбеге бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам "Қарабұтақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне көмекке жүгінді, оның ішінде жарақат алған екі адам және сүйегі сынған бір жолаушы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары