$ 494.87  520.65  4.91

Биыл әрбір 16-шы түлек «Алтын белгі» иегері атанған

Алтын белгі" алғандар саны бойынша үздік өңірлер - Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша биыл елімізде мектеп бітірген әрбір 16-шы түлек "Алтын белгі" иегері болып отыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Биыл жалпы 156 мыңнан астам оқушы мектеп бітірген.  Оның ішінде 8500-ден аса түлек үздік аттестат, 9746 түлек "Алтын белгі" алған.

«Биыл 9746 түлек "Алтын белгі" иегері болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш», — дейді Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Сонымен "Алтын белгі" алғандар саны бойынша үздік өңірлер - Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Алтын белгі" алғандар, әрине, қуанышты. Дегенмен бірқатар мұғалімдер биыл мұндай көрсеткішке жетудің арғы жағында нақты білім сапасы бар дегенге келіспейді.

«Алтын медальдің көп болуы білім сапасының көрсеткіші деп айта алмас едім, — дейді тарих пәнінің мұғалімі Өмірбек Шыныбекұлы. — Себебі жемқорлық дендеп барады. Бармақ басты, көз қысты деген секілді. Одан бөлек індет тағы бір-екі жылға созылатын болса, онлайн оқу білім сапасын біржола күйретіп тынатын шығар деген қауіп бар».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары