Қазақстанның көптеген өңірлерінде температуралық фон жоғарылайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының шығуына байланысты. Тек республиканың батысында шілде айының басында найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, бұл жылудың аздап әлсіреуіне ықпал етеді: түнде 17...22-ге дейін, күндіз 27.....35 градусқа дейін ысиды. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15...22-ге, күндіз 30-38 градусқа дейін ыстық. Оңтүстік өңірлерде әлі де құрғақ және ыстық ауа райы түнде 20...25, күндіз 35....42 градусқа дейін ыстық болады», - делінген хабарламада.