28.06.2021, 16:40

Адам қағып өлтіріп, қашып кеткен мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Фото: ашық дерекөз
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Кеше Алматыда мотоциклмен велосипедпен келе жатқан адамды қағып өлтіріп,оқиға орнынан қашып кеткен азамат бүгін ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға кеше әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында болған. Құқық қорғау орындары күдіктіге жедел іздеу жариялап, бір тәулік ішінде тапты.

Тағы оқыңыз: Астанада 36 мотоцикл өртеніп кетті

Бүгін полиция қызметкерлері Алматы қаласындағы мотоциклмен адам қағып, артынан қашып кеткен қылмыскерді қолға түсірді. Қазір ол қамауға алынды, деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.