Ақтөбе тұрғыны ешбір құжат-хаттамасыз әскери техниканы темір-терсек қабылдайтын орынға 1 миллион 500 мың теңгеге өткізіп жіберген. Бұл туралы Orda.kz порталы «Информбюро»-ға сілтеп, хабарлады .
Алғашында ол техниканы өзіне жол талғамайтын көлік жасау үшін алған екен. Кейін ойынан айнып, сатып жібермекші болады.
Ал әскери полицейлер Т-34 маркалы танкінің 2011 жылы Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінен есептен шығарылғанын жеткізді. Ең бастысы, танк заң бойынша арнайы мекеме есебінен шығарылмаған екен.
Қазір әскерилер техника маңына күзет қойып, жағдайды толық тексеріп жатқандарын айтады.