$ 449.58  486.94  4.86

«7,8 миллион теңге пара алды»: Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы соттан Каюповты орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Орал қалалық соты Батыс қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол 7,8 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. Серік Тұралиев пен Айдос Себепов қылмыстық іске көмектесті деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы соттан Каюповты орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, экс-мемлекеттік қызметкерді басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Тұралиев пен Себепов үшін айыптаушы тарап соттан үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Прокурор сотталушылар кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

"Болатбек Каюпов лауазымды тұлға бола отырып, жеке материалдық пайда алу мақсатында пара алу мақсаты болған. Ол БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, ЖШС-мен 78 миллион теңгеден аса сомаға жабдықты жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасты, кейін компания директорынан орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықты қабылдау үшін шарт сомасының 10 пайызын талап етті. Каюпов көмекшілері Тұралиев пен Себеповтың қатысуымен 2020 жылдың 14 қазанында 3,4 миллион теңге, ал 23 қазанда 4,4 миллион теңге пара алды", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Судья Наиля Жүнісова үкімді бүгін, 3 шілдеде жариялады. Қаюпов ең төменгі қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын 4 жыл 6 ай өтейді. Себепов пен Тұралиев қауіпсіздігі барынша төмен ҚАЖ мекемесінде 3 жыл отырады.

Жақында сотталушының туыстары компания басшысының шотына 1,5 миллион теңгеден аса қаражат аударғаны белгілі болды. Сонымен қатар, Каюповтың қорғаушысы ол және оның отбасы ақшаға мұқтаж емес екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Еске салайық, Болатбек Қаюпов 2020 жылдың күзінде ұсталған болатын. Оның қызметтік кабинетінде пара сомасының бір бөлігі табылды. Алайда экс-шенеунік өзі кінәсін мойындамады. Ол арандатушылық жасалды деп мәлімдеді. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Себеповтен 330 мың теңге салынған конверт алғанын хабарлады. Ол бұл ақшаны туған күніне сыйлық ретінде қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары