04.07.2021, 00:10

Коронавируспен ауырған адам неліктен үш айдан кейін вакцина алуы керек

Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адам емделгеннен кейін үш айдан соң вакцина алуы туралы шешім қалай қабылданғанын түсіндірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azatyyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакцинациялау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады», — деді Айнагүл Қуатбаева.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсызда әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды. Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.

Тегтер: вакцинация