Ресейде "Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды, деп хабарлайды РИА Новости Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Раковаға сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 5 шілде 21 адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші фазасына 12-17 жастағы жасөспірімдер қатысып жатыр.
"Екпе алдында қатысушылар міндетті түрде жіті медициналық тексерістен өтеді. Оның ішіне ПТР-тестілеу де кіреді. Кеше 21 адамға бірінші компонент егілді, оның 11-і – З.А.Башляева атындағы балалар ауруханасында, 10-ы – Морозовская балалар ауруханасында. Балалардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр, тек екі жасөспірімнің ғана аздап дене қызуы көтерілді, ал жалпы барлығы өзін жақсы сезінеді", - деді мэр орынбасары.
Ракова жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасы салынғанын атап өтті.
Айта кетсек, бұл препарат қазір 18 жастан асқандарға егіліп жатыр.