08.07.2021, 04:57

«Спутник V» вакцинасын жасөспірімдерге салып жатыр

Жиырмадан аса балаға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті егілді, қазір олардың жағдайы жақсы.

Ресейде "Спутник V" вакцинасын жасөспірімдерге сынау басталды, деп хабарлайды РИА Новости Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Раковаға сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 5 шілде 21 адам "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші фазасына 12-17 жастағы жасөспірімдер қатысып жатыр.

"Екпе алдында қатысушылар міндетті түрде жіті медициналық тексерістен өтеді. Оның ішіне ПТР-тестілеу де кіреді. Кеше 21 адамға бірінші компонент егілді, оның 11-і – З.А.Башляева атындағы балалар ауруханасында, 10-ы – Морозовская балалар ауруханасында. Балалардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр, тек екі жасөспірімнің ғана аздап дене қызуы көтерілді, ал жалпы барлығы өзін жақсы сезінеді", - деді мэр орынбасары.

Ракова жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасы салынғанын атап өтті.

Айта кетсек, бұл препарат қазір 18 жастан асқандарға егіліп жатыр.