Жаңалықтар 08.07.2021 сағат 09:40

EURO-2020: Англия өзінің тарихында алғаш рет финалға шықты

Овертаймның 104-минутта Гарри Кейн өзінің құрамасына жеңіс сыйлады.
EURO-2020: Англия өзінің тарихында алғаш рет финалға шықты
Фото: large
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы жартылай финалында Англия мен Дания құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі құрама өзара 22 кездесуін өткізді. Бұған дейін 12-де ағылшындар жеңіске жетіп, 4-де даниялықтар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелген болатын.

Айта кетерлігі, бұған дейін ағылшындар 1968, 1996 жылдары құрлықтық доданың жартылай финалында ойын көрсетті. Екеуінде де қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Әлі күнге дейін

Еуропа чемпионы атағына қол жеткізе алмай жүр. Сол кеткен есені бүгін қайтаруға тырысты. Ал Дания 1992 жылы алтыннан алқа тағып, 1984 жылы қола жүлдегер болды. Англия құрамасы алдымен өз қақпасына гол жіберіп алды.

Даниялық Миккель Дамсгор 30-минутта мергендік танытты. Ал 39-минутта даниялық Симон Кьер өзінің қақпасына гол соғып, таразы басын теңесті. Негізгі кезеңде 1:1 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймның 104-минутта Гарри Кейн өзінің құрамасына жеңіс сыйлады.

Осылайша Англия өзінің тарихында тұңғыш рет құрлықтық доданың финалына жолдама алды.

Еске салсақ, 6 шілдеде Италия Испанияны жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Финал 11 шілдеде Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткізіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар