Әлеуметтік желіде Каспий теңізінде Алат ауылына (Әзербайжан) жақын жерде болған өрттің кадрлары тарады деп жазады sputnik.kz.
Жарылыс мұнай мен газ кен орындары көп жерде болды.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, "жағалаудан 30 шақырым жердегі Дашли аралында балшықты жанартау атқылаған".
Қазір Каспий теңізінің Әзербайжан секторындағы өрт толығымен сөндірілді. Министрліктің хабарлауынша, зардап шеккендер мен ауыр шығындар жоқ.
Қазіргі уақытта Каспийдегі өрттің мән-жайы анықталуда.