08.07.2021, 11:20

Әнші Алмас Кішкенбаевтың анасы қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
Алмастың әйелімен ажырасқанын естіген кезде, қарт ана инсульт алып, сөйлемей қойған.

Танымал отандық әнші Алмас Кішкенбаев анасы қайтыс болды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Суық хабарды журналист Иса Азамат Instagram-даға парақшасында хабарлады.

"Сүйікті ұлдарыңыз, тұңғыш SuperStar Алмас Кішкенбаевтың анасы мәңгілік мекеніне қайтты.

Алла алдынан жарылқасын. Бәріміз Алладан келдік және оған қайтушымыз.

Алмас, бауырым бекем бол. Туған туыстарыңа керексің. Сабыр берсін", - деп хабарлады теле-радио продюсер Иса Азамат.

Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев әжесінің қолында өскен. Сол кісіні "ана" деп атаған. Анасы жеті баланы өсіріп, жеткізу үшін 70 жасына дейін жұмыс істеген. Алмастың әйелімен ажырасқанын естіген кезде, қарт ана инсульт алып, сөйлемей қойған.  Skifnews.kz редакциясы ұжымы атынан көңіл айтамыз!