Шымкентте теміржолшылар бас көтерді. Олар басшылықтан жалақыларын көтеруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Жұмысшылар 120 мың теңгелік жалақының ешнәрсеге жетпейтінін айтып шағымданды. Олар жалақыларын екі есеге арттыруды талап етуде.
"Біз еңбекақымызды 250 мың теңгеге дейін көтеруді талап етеміз. Басшылық тарапы бізге ыңғайлы жұмыс жағдайын жасауы керек. Әр маусым сайын жаңа қызметтік киім берілуі тиіс, ал біз тек жылына бір рет қана аламыз. Өзіміз сатып алуымызға тура келеді. Шымкентте ең аз жалақы бізде ғана", - дейді теміржол қызметкері Нұржан Әшірбаев.
Наразылыққа шарасына 100-ден аса шыққан. Азық-түлік қымбаттап, аймақтағы аптап ыстыққа қарамай жұмыс істейміз деген олар жалақыларының ешнәрсеге жетпейтінін айтады. Жұмысшылардың жанайқайын тыңдаған ұйым өкілі бұл мәселе қарастырылып жатыр деп сендірді. Сонымен қатар, ол теміржолшыларға дер кезінде хабар бермегендер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
"Бүгінгі мәселенің шешімін таптық. Басшылыққа міндетті түрде жеткіземіз. Қызметкерлемен жұмыс жасамағандарды жазалу туралы қарастырамыз. Алдағы уақытта нәтижемен бөлісеміз", - деді Шымкент қалалық ҚТЖ АҚ магистральді желісінің директоры Қайырбай Орынбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Жаңаөзенде мұнайшылар жалақымыз аз деп бас көтерген еді.