$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ сарбаздары Ауғанстанға жіберіле ме?

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев жауап берді.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында қазақ әскерилерінің Ауғанстан шекарасын күзетуге бару ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан «Ауғанстан шекарасына тәлібтермен жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан әскерилерін жіберу жоспарланып отыр ма?», - деген сұрақ қойылды.

Оған жауап берген Қорғаныс министрінің орынбасары нақты шешімді халықаралық ұйымдар мен елдің Парламенті қабылдайтынын түсіндірді.

«Халықаралық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, қолдау үшін қандай да бір контингентті жіберу үшін бізге бірнеше шарт керек. Ол шарттың бірі – екі тараптың бірі Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына көмек сұрап жүгінуі тиіс. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім шығуы қажет. Әрине, ол шешімді біздің елдің Парламенті ратификациялап, халықаралық миссия атқаратын контингенттің жіберілуіне рұқсат беру керек. Осы шарттардың бәрі орындалған жағдайда біз сәйкесінше өзіміздің халықаралық міндеттерімізді орындауға дайынбыз», - деді Тимур Дәндібаев.

Осы шарада, Қорғаныс министрлігінің өкілі Арыстағы жарылыс салдарын жоюға елеулі үлес қосқан елдердің көмегі туралы мәлімет берген болатын.

«Біріккен Араб Әмірліктері 43 млн теңгеден астам қаражатқа қондырғылар берді. Үндістанның қорғаныс ведомствосы ақысыз негізде жарылыстан қорғайтын костюмдер берді. Бұл көмектердің бәрі қажеттілігі бойынша бағытталды. Шетелдік мамандар біздің мамандардың төтенше жағдай салдарын жою және оған дейінгі кезеңде атқарған әрекеттері мен шешімдерін жоғары бағалағанын айтқым келеді», - деді Тимур Дәндібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары