$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда баласын ұрып өлтірген әйел сотталды

Сәби сал ауруымен ауырған.

Петропавлда баласын ұрып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Екатерина Голешова 10 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жантүршігерлік қылмыстық оқиға жұртшылықты дүр сілкіндірген еді. Анасы 3 жасар қызды ұрғаны сонша, оның денесіндегі сау жері қалмаған. Балақай облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде бір ай жатып көз жұмды. Ал, облыстық кәмелетке толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот әйелді 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Бала дүниеге сал ауруымен келген. Туған анасы сәбиден бас тартып, жетімдер үйіне өткізеді. Біраз уақыттан кейін қызды анасының туысқандары, Захаровтар отбасы қамқорлығына алмақ болады.  Туған анасы одан бас тартып қолхат та жазған. Алайда ай сайынғы 92 мың теңге жәрдемақы төленетіндігін білген анасы мүгедек қызды қайтарып алған. Тасжүрек ананың қолына түскен кішкентай Александра сол кезден бастап соққыға жығылады. 

«Облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны Екатерина Голешова өзінің 3 жасар қызын бірнеше күн бойы аяусыз ұрған. Сал ауруына шалдыққан қызды тұрғызып, жүруге мәжбүрлеген. Балақайдың жылағанына қарамастан оны бірнеше рет итеріп, басынан ұрған. Салдарынан бас сүйегі жарылып, қан кеткен. Тілінде де бірнеше жарақат және тістерінің сынғаны анықталды», - дейді облыстық кәмелетке толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Әлия Жұмабаева.

Үкім шығарған сот әйелдің қылмыстық әрекеттерін бір сағат бойы тізді. Екатерина Голешова Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша сотталды. Ол 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды.

Баланы асырап алмақ болған Татьяна Захарова туған қызын аяусыз өлтірген ана үшін соттың бұл шешімі өте жұмсақ деп есептейді.

«Осындай қылмыс үшін бұл еліміздегі ең ауыр жаза деп есептеледі. Алайда, ол 20-25 немесе жазасын өмір бақи өтейді дегенді естісем де көңілім толмас еді. Менің ойымша, Голешова өз кінәсін мойындамады», - дейді ол.

Екатерина Голешова жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сотталу