Алматыдағы туристік агенттіктерінің бірі Сауд Арабиясына қажылыққа бара жатқандарға 143 жалған вакцина паспортын жасаған деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тінту кезінде мөр мен бланк тәркіленген. Күдіктілер 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
– Жалған құжат жасатуға тырысқан адамдар алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Интернет-мониторингтегі мәліметтер базасында ресми тіркелген куәліктер немесе вакцина паспортын дайындау бойынша жалған ұсыныстар анықталды. Ішкі істер органдары осындай 35 хабарландыруды анықтады, оларды бұғаттау үшін уәкілетті органға мәлімет жіберілді, – деді полиция департаментінен. Бұған дейін қажылыққа тек вакцина алған адамдар ғана бара алады деп хабарланған еді. Соның ішінде тек Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson & Johnson немесе Moderna вакциналарын алғандарға ғана қажылыққа баруға рұқсат.