11.07.2021, 06:42

Қылқындырып тастады: Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бірінші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

Бірінші раундта қарсыласын қылқындырып тасады.

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылдындырып тасады. 

Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі. 

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын. 

Тегтер: UFC Жалғас