$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жалған вакцина құжаттарын сатқан медицина қызметкері ұсталды

Оқиғаға қатысты 385 бабы "Жалған құжат дайындау"  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Ақмола облысында медициналық қызметкер жалған вакцина паспортын таратқан деген күдікке ілінді. Қазір оның заңбұзушылыққа қатысы болу-болмауы анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ағымдағы жылдың маусым айында полиция бөлімшелерінің біріне медициналық мекеменің басшысының арызы келіп түсті. Ол осы мекеменің медициналық қызметкері  "Вакцинация" ақпараттық жүйесіне екпе салынғаны туралы жалған ақпарат енгізгенін хабарлады", - делінген полцияи хабарламасында. 

Оқиғаға қатысты 385 бабы "Жалған құжат дайындау"  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өзге де ақпарат тергеу құпиясы болып табылады. 

Еске салсақ, бұған дейін қажылыққа аттанбақ болған қазақстандықтар жалған вакцинация құжатын жасатқаны айтылған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары