$ 439.43  473.31  4.82

Порьемен жекпе-жекте аяғын сындырған Конор МакГрегорға ота жасалды

Қазір спортшы Лос-Анжелестегі клиникада жатыр.
Фото: Reuters.
Фото: Reuters.

Порьемен жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алған Конор МакГрегорға 3,5 сағат ота жасалды, - деп хабарлайды TMZ Sports порталы.

Қазір спортшы Лос-Анжелестегі клиникада жатыр.

Портал мәліметі бойынша, МакГрегордың жіліншік сүйегіне интрамедулярлы өзек салынып, ұзын түтікше тәрізді аяқ сүйегі пластина және бұранда арқылы бекітілген.

Еске салайық, аралас жекпе-жек файтері (MMA) Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 11 шілдеде Лос-Анджелесте өткен болатын. Жекпе-жек бір раундқа созылды. Алғашқы бес минуттың соңында МакГрегор аяғын қайырып, сындырып алған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары