$ 494.87  520.65  4.91

«Тұрмысқа шыққан келіншектердің орамал тағатыны ұнады»: Америкалық оқушы қазақ тілін оқытып жүр

Америкалық ару тіпті өзіне Айбала Құдайбергенқызы деп қазақша есім қойып алған.

АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын 14 жас­та­ғы Кэмерон қазақ тілін екі жылдан бері үйреніп жүр. Америкалық ару тіпті өзіне Айбала Құдайбергенқызы деп қазақша есім қойып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан басылымына сілтеме жасап.

Әртүрлі ұлт өкілдерін кездестірген соң, олардың тілі мен мә­де­ние­тіне әуестене бастаған бойжеткен әлемнің 27 тілін үйренгісі келеді. Қазақ тілін 2019 жылдан бері үйреніп жүрген оған алғашында тілді үйрену қиынға соғыпты. 

Ә, ө, ү, ұ, і, ғ, ң дыбыстарын дыбыс­тау қиын болды. Оның үстіне граммати­ка­сы да күрделі екен. Мысалы, ағылшын ті­лін­­де "Мен жақсымын" дегенді "I am fine" деп айтамыз, мұны қазақ тілінің сөйлем құ­­рылысы бойынша айтсақ, "I fine am" бо­лады. Сол себепті бастапқыда сөйлем құрау жа­ғынан біраз қиналдым. Бірақ қазір үй­ре­ніп алдым. Барлығы түсінікті. Жалпы, қа­зақ тілі – әуезді тіл. Маған сонысымен ұнайды”, – дейді ол.

Америкалық қыз қазақ тілін сағатына 4 АҚШ доллар төлеп оқиды. Басында қиын болар деп уайымдап жүрген кезде, оқытушысы Раушан оның қазақ тілін үйренуге де­ген құлшынысын арттырған.

Қа­зақ тілі туралы алғаш рет интернетте жүк­­телген видеодан естіп-білдім. Естіген кез­де "Бұл неткен тіл?" деп зерттеп көргім кел­­ді. Сосын шет тілдерін үйрететін та­ны­мал платформа – Italki арқылы алдымен, Раушан, сосын Арай есімді мұғалімдермен байланыс орнаттым. Қазір қазақ тілінен 60-қа жуық сабақ алдым. Ағылшын тілінің деңгейі бойынша бағалайтын болсам, қазір қазақ тілінен Intermediate деңгейін үйре­ну­ді бастап кеттім. Қазақ тілінде оқи аламын, жай сөйлемді түсінемін. Раушан бір сабақта қазақтардың азиат­тар екенін айтып, олардың шығу тегі тура­лы арнайы сабақ өткізген болатын. Сөй­тіп, Аружанның қазақ екенін бірден таныдым. Миланамен дәл осылай таныс­қан­мын. Екеуімен жақын араласып, дос бо­лып кеттік. Милана екеуміз көрші тұра­мыз, ал Аружан өткен аптада Қазақстанға қайтып кетті”, – дейді қыз.

Раушан тек тілді үй­ренуге ынтықтырып қана қоймай, қазақ хал­қының тарихын, мәдениетін таныстырған. Бұдан кейін арудың көңілі бірден Қызылорда қаласына ауыпты.

Мысалы, мен қазақтардың көш­пелі өмір салтын ұстанғанына қызы­ғып, өз бетімше кішігірім зерттеу жүргіздім. Бірақ Алматыдан бұрын, ең алдымен Қы­зылордаға, сосын Түркістанға барғым ке­леді. Жуырда Қазақстаннан кел­ген америкалық досым Алматыны әбден мақ­тады, оған әсіресе Шымбұлақ курорты қат­ты ұнапты. Бірақ алдымен Түркістан мен Қызылорданы аралауды армандаймын. 2019 жылы Қызылорда туралы бір кітап оқы­ған едім. Қателесуім мүмкін, бірақ ма­ған сол өңірдің халқы салт-дәстүрді қатты ұстанатын секілді. Жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын суреттер де көзге жылы ұшырайды. Бір айта кетерлігі, тұрмысқа шыққан келіншектердің орамал тағатыны ұнады. Сондай-ақ жас қыздар да тамақ әзірлейтін кезде орамал тағады екен”.

Байқағаныңыздай, мен қазір орамал тағып отырмын. Үйде жүргенде кей кезде осылай тағып жүремін. Сондай-ақ халықтың ұлт­тық киім киетіні де өте ұнайды. Оның үс­тіне Қызылорданың Қазақстанның тұң­ғыш ас­танасы екенін білемін, сондықтан ал­­ды­мен сол қалаға барғым келеді. Соны­мен қа­тар Димаштың жанкүйері болған соң, оны­мен бетпе-бет кездескім келеді. Ди­маш­тан бөлек, қазақстандық тағы бір әнші Ми­рас Жүгінісовтің шығарма­шы­лы­ғын ба­қылаймын. Оның ән қоржы­нындағы "Ән­детемін" және "Сен тура­лы" деген ән­дерін сүйіп тыңдаймын. Қазақстанға бар­ған­да онымен де кез­дессем деймін. Одан бө­лек, Қазақ­стандағы танымал TikTok house – Yolo house-дің жанкүйерімін. Жал­­­­пы­лама айтсам, Қазақстан туралы көп­­те­ген бағдарлама мен концертті жиі көремін”, – дейді ол. 

Сондай-ақ ару өзінің есімін не себепті Айбала деп атағанын түсіндірді. 

“Бірде интернеттен қазақ есім­де­рін із­деп отырғанымда, Айбала де­­ген есімді ұна­тып қалдым. Ды­быс­талуы да, мағынасы да ұнады. Жал­­­пы маған қазақ тіліндегі қыз бала, бала және әдемі деген сөздер ерекше ұнай­ды. Бақытгүл деген есім де қатты ұнай­ды. Білуімше, Бақытгүл – Қазақстанда ең жиі қойылатын есім­дердің бірі. Ал Құдай­берген есімін таң­дауыма екі себеп бар. Бірін­шіден, оны Ди­маш­қа бола таңдадым. Тағы бір себеп: 2019 жылы Қазақстан тура­лы бір кітап оқыған едім. Сол кітаптағы кейіп­кердің тегі Құ­дай­берген болатын. Сол кейіп­кер ұнаған­дықтан, оның тегін таңда­дым”, – дейді Камэрон.

Бұнымен қоса, Айбала қазақ танымалдарынан Айнұр Тұрсынбаеваны танитынын айтады. Оның айтыстарын тыңдап, тұлға ретінде жақын тартатынын айтады. Болашақта Қазақстанға сапар шеккенде онымен кездесіп, сапар шегуге ниетті екенін айтады. 

Айта кетсек, амеркалық бойжеткен “Қазақ тіліндегі негізгі жеті сөз" деген атпен сабақтар се­риясын бастаған. Сонда мұға­лім­нен үйренгенін дереу видеоға түсі­ріп, жазылушыларына түсіндіріп береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары