$ 494.87  520.65  4.91

«Қандай вакцина екенін айтпады»: Коронавирусқа қарсы екпе салдырған жігіт талып қалды

Сөзінше, талып қалған тұрғын дереу есін жиған.

Өскеменде вакцина алған жігіт есінен танып қалды. Оқиға жайлы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Устинка LIVE" басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөздерінше, вакцина салдырған жас жігіт он минуттан кейін талып қалған. Дәрігерлер оны ЭКГ бөліміне алып кеткен. 
Емхана директоры Рая Рахимова бұл жағдайды растап, оқиға жайлы пікір білдірді. 
"Ол – жап-жас жігіт. Вакцинациядан кейін оның бойынан басқа аллергиялық реакция байқалмады. Екпе алғаннан кейін ол жарты сағат күтуі керек болған, алайда кішкене уақыттан кейін оның қан қысымы төмендеп кетті. Жігіт вакцина алуға төменгі 110 қан қысымымен келген", – деді емхана басшысы. 

Десек те, ол жігітке қандай вакцина салынғанын атамады. Сөзінше, талып қалған тұрғын дереу есін жиған. Жігіттің әкесі ұлының вакцина алмас бұрын түні бойы компьютер ойнағанын алға тартады. Дәрігер жігіттің жағдайы қазір жақсы екенін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцина