$ 447.4  477.55  4.76

Шығыс Қазақстанда «коронавирус» пішіндес бұршақ жауды (ВИДЕО)

Тұрғындар бұршақтың пішінін вирустың "тікенек" молекуласына ұқсатқан.

Шығыс Қазақстан облысында дауыл болып, бұршақ жауды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, электр желілері үзіліп, ондаған ағаш сынып, үш тұрғын үйдің шатыры бүлінген.

Жергілікті тұрғындар бұршақты ерекше пішініне қарай "коронавирусқа" ұқсатқан. Тұрғындар бұршақтың пішінін вирустың "тікенек" молекуласына ұқсатқан. 

Өскеменде бір сағат ішінде айлық жауын-шашын жауды. Көшелер су арналарына айналды. 10 коммуналдық топ суды шұғыл сорып, нөсер құдықтарын қолмен тазартуға мәжбүр болды. Өңірде алдағы күндергеде де дауылды ескерту жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары