Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылып жатыр, кіреберістердің бір бөлігі жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осыған байланысты әуежай өкілдері жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұрады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.
"Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.
Бұған дейін әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Ол VIP-терминал орнында болады. Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың мамырына жоспарланған.
Айта кетейік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы әуежайы TAV Airports түрік компаниясының меншігіне өтті. Бас директоры болып Мете Еркал тағайындалды.