Батыс Қазақстан облысы Құрылыс басқармасы жаңа мәйітхана салуға тендер жариялады. Нысан Орал қаласында бой көтереді. Оның басты ерекшелігі – ғимаратта фитнес залы, психологиялық кабинет, демалыс бөлмесі, қазақ тілі кабинеті болады деп жазады Nur.kz.
Нысан екі қабаттан тұрады, аумағы 3,5 мың шаршы метр. Онда 80 адам жұмыс істейді деп жоспарланған. Ғимаратта мәйітханаға қажетті зертхананың бәрі болады. Сонымен қатар, жұмысшылардың тынығуына ерекше көңіл бөлінген: олар фитнес залында спортпен айналысып, демалу бөлмесінде үй кинотеатрынан түрлі фильмдер көре алады. Сонымен, қатар, бұл бөлмеде кофе-машина, микро-толқынды және тоңазытқыш пеш орнатылмақ.
Бұлардан бөлек, ғимаратта қазақ тілі кабинеті, марқұмдармен қоштасу бөлмесі де қарастырылған.
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нүркен Молдашевтың айтуынша, мұндай мәйітхана салуға тапсырысты олар 2018 жылдан бері беріп келеді екен. Тек биыл ғана тендер жеңімпазы анықталып, жұмыстар басталып кеткен. Жоба құны – 1,2 млрд теңге.