$ 444.22  476.38  4.82

Өгей қызын 7 жыл зорлап келген әкенің ісі: Соттың әділ өтетіні күмәнді болып отыр

Арызды қабылдап алған полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, арнайы сараптамалар тағайындағанымен, педофилді қамауға алмайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырауда өгей қызын 6 жасынан бастап 13 жасына дейін зорлап келген әкенің ісі сотқа түскенімен, жапа шеккен тарап соттың әділ өтетіндігіне сенбей, арнайы брифинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы бұрын күйеуде болған атыраулық әйелмен көңіл жарастырып, отбасын құрады. Әйелдің бұрынғы некесінен үш баласы болады. Өгей әке жеті жыл бойына ең кіші қызды зорлап, «біреуге айтсаң шешең екеуіңді өлтіремін» деп қорқытқан. Осыдан кейін қыз ешкімге тіс жармаған.

Алайда 2020 жылы әйелі мен күйеуінің арасында отбасылық жанжал шығып, ажырасуға бел буады. Осы кезде анасы мен қызы оңаша сөйлескенде, күйеуінің қызын зорлап келгенін біліп, бірден Атырау облыстық Полиция Департаментіне арыз жазады.

Арызды қабылдап алған полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, арнайы сараптамалар тағайындағанымен, педофилді қамауға алмайды. Тек қана қоғамдық шудан кейін ғана педофил сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына тоғытылады.

Бір қызығы өгей әкенің Алматыдағы туған інісі де кішкентай қыздармен жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

— Қамауға алынғанға дейін Атырауда күн сайын қыз бен анасына қоқан-лоқы жасап, дыбыстық хабарлама жіберіп тұрды. Педофил өгей әкесінің бостандықта жүргеніне 13 жасар қыздың әбден зәре-құты қашып, сұмдық күйді бастан кешті! Баланың психикасы бұған шыдай алмай, әбден шегіне жетіп, қорқынышты суреттер салды, — деді «НемолчиКз» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Осы айда педофил өгей әкеге қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-тармағы бойынша (жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) іс Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотқа түсті. Алайда жәбірленуші тарап соттың әділ өтетіндігіне сенбейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қыз зорлау