$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да 400 тонна шөп өртеніп кетті

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 12 сағат бойы күрескен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Батыс Қазақстан облысында 400 тонна шөп өртеніп кетті, өрттің шығу себебі белгісіз. Бұл туралы Orda.kz хабаралайды.

«Мой город» сайтының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде дайындалған 400 тонна шөп өртенді. Өрт 12 сағат бойы сөндірілген.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 19.00-де Корын нүктесінде шөп өртене бастаған.

– Дайындау орнының аумағында 400 тонна шөп өртенді, бұл шамамен екі мың орама. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында БҚО ТЖД сегіз қызметкері және ерікті өрт сөндіру құрамаларынан сегіз адам жұмыс істеді, – деп хабарлады БҚО ТЖД.

Өрт келесі күні таңертең толығымен жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары