Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысын қайда өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр", - делінген жазбада.
Оның айтуынша, Президент елордаға сенбіде оралады.