Жаңалықтар 15.07.2021 сағат 10:40

ДДСҰ: Коронавирустың үшінші толқыны жақындады

Әлемде COVID-19 инфекциясының көрсеткіші өскеніне төртінші апта болды. Өлім деңгейі де өсіп барады.
ДДСҰ: Коронавирустың үшінші толқыны жақындады
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус сәрсенбіде өткен ДДСҰ-ның COVID-19 жағдайын бағалау жөніндегі төтенше комитетінің отырысында мәлімдеді. Бұл жаңа «дельта» штамының тарауына байланысты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тедростың айтуынша, «дельта» штамы адамдардың әлеуметтік ара-қатынасы мен қозғалысының артуына, сондай-ақ дәлелденген әлеуметтік және қоғамдық денсаулық сақтау шараларын дәйексіз қолдануға байланысты тарап жатыр.

Оның айтуынша, Еуропа мен Солтүстік Америкада вакцинация деңгейінің өсуі жемісін бере бастады және ауыр жағдайдағы науқастар мен өлім дерегінің төмендеуі байқалған. Алайда жағдай қайта шиеленісті және әлем «үшінші толқын қарсаңында» тұр.

«Әлемде COVID-19 инфекциясының көрсеткіші өскеніне төртінші апта болды. Өлім деңгейі де өсіп барады. Бұған дейін 10 апта тұрақты төмендеп келе жатқан еді», - деді ДДСҰ бас директоры.

ДДСҰ төтенше комитеті COVID-19 таралу қаупінің деңгейін бағалау үшін үш айда бір рет жиналады. Қазіргі уақытта, комитет шешіміне сәйкес, ауру халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай саналады.

Комитет 15 шілдедегі отырыстың қорытындысы бойынша ДДСҰ-ға жаңартылған ұсыныс беріледі деп күтіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда тәуліктік өсімі көбейді. Осыған байланысты еліміздің төрт өңірінде карантин күшейтіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар