Жаңалықтар 15.07.2021 сағат 14:20

Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді

Қалалық автобус маршруттарының жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.
Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордада эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Тиісті қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде қабылданды.

Қол қойылған құжаттың негізінде қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгертілді. Қалалық автобус маршруттарының жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Жолаушылар маска режимін сақтауы тиіс, қоғамдық көлікке маскасыз кіруге қатаң тыйым салынады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын қамтамасыз ету (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялық өңдеу, есіктерінің бәрін ашу, жолаушыларға ыңғайлы орындарға санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде тағуы) жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жүргізу, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, - делінген қаулы мәтінінде.

Құжат 17 шілде күні күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар