$ 494.87  520.65  4.91

Атырау тас жолында көлік ішіндегі әйел тірідей өртеніп кетті

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Астрахань тас жолында болған жол апатында көліктің ішіндегі әйел тірідей жанып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 14 шілдеде түстен кейін болды.

14 шілдеде күндіз Атырау-Астрахан трассасында 1996 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum және 1957 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Highlander көліктері соқтығысты. Нәтижесінде жолаушы әйел қаза болды - ол өртеніп жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті, делінген Ақ Жайық басылымында.

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары