Германиядағы су тасқынынан құрбан болғандар саны 59 адамға жетті. Жүздеген адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
«Бернд» циклонының әсерінен ГФР-дың Рейнланд-Пфальц федералдық жеріндегі Арвайлер ауданына жауған нөсер жауыннан 6 үй құлады, тағы бірнеше ғимарат құлағалы тұр.
Бұл туралы бейсенбі, 15 шілде күні Берлинде федералдық полицияның ресми өкілі мәлімдеген.
Нақтыланған деректер бойынша Германияның батысындағы әртүрлі аудандарда кем дегенде 59 адам көз жұмды.
Сонымен, Кобленц полициясы Рейнланд-Пфальц федералды жерінде 28 адам құрбан болғанын, Кельндегі полиция Солтүстік Рейн -Вестфалияда тағы 31 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Екі федералды жердің ондаған тұрғынның хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланды. Алайда, кешке қарай Бад-Нойенар-Арвейлер округінің билігі 1300 адам хабар-ошарсыз кетті деп мәлімдеді.
Округ әкімшілігінің өкілі бұл аймақта ұялы байланыстың болмауына байланысты болуы мүмкін екенін түсіндірді.
Арвейлер аймағында үздіксіз жауған нөсер мен су тасқынының салдарынан төтенше жағдай жарияланды.
Бұған дейін Германияда су тасқыны салдарынан құрбан болғандар саны 43-ке жеткені хабарланған болатын.