$ 494.87  520.65  4.91

Елордада құрбандық шалу орындары онлайн жұмыс істейді

Биыл Құрбан айт мерекесі 20 шілде мен 22 шілде аралығында өтеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда Құрбан айт өткізу бойынша іс-шаралар онлайн-режимде өтеді, құрбандық шалу qurban2021.kz сайты арқылы жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов "Пандемия жағдайындағы «Құрбан айт» онлайн-брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«2021 жылы Құрбан айт мерекесі 20 шілде мен 22 шілде аралығында өтеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 20 шілдеде қала мешіттерінде Айт намазы оқылмайды. Нұр-Сұлтан қаласында Құрбан айт мерекесі онлайн режимде өтеді, құрбандық шалу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған qurban2021.kz арқылы жүргізіледі», — деді Нұрдәулет Әлмұханов брифингте.

Оның айтуынша арнайы бөлінген орындарда (сою пунктерінде) санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және адамдардың көп жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде тағу арқылы құрбандық шалу рәсімін онлайн режимінде өткізу белгіленген. Сондай-ақ, көпшілік іс-шараларды, оның ішінде ұжымдық Айт намазын, мешіттер аумағында ашық аспан астында іс-шараларды және Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде бұқаралық іс-шараларды шектеу туралы Қаулыға қол қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары