$ 510.08  539.61  5.15

«Маған қарсы пост жазу құны 200 мың теңге» - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында әлеуметтік желілерде өзі туралы қарсы жазба салу үшін кейбір журналистерге ұсыныс түскенін айтты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook-тегі парақшасында әлеуметтік желілерде өзі туралы қарсы жазба жазу үшін кейбір журналистерге ұсыныс түскенін жазды.

«Бүгін Алматыдан бір журналист хабарласып, «саған тапсырыс түсті, сені жамандап жазу үшін 200 мың теңге ұсынды, мен бас тарттым, ар-намыс сатылмайды, Айгүл», деді. Бірер күнде мен жайлы посттар жазыла бастаса таң қалмаңыздар! Мені тегтеп, «анау сені бүйтіп жазып жатыр» деп мазаламаңыздар. Менің арқамда журналистер де ақша тауып, пайда көріп қалсын. Қалам ұстап жүрген достарым тек жазу арқылы күн көреді емес пе? Мұндай мүмкіндікті пайдаланып қалған дұрыс, тіпті қаламақыны көбірек сұраңдар.Ондайға етім де, бетім де үйренген!», - деді ол.

Заңгер әлемдегі ең жаман адам болсам да, жемқорлық жайлаған тірлік аян болуы керек деген пікірде, 

«Әлемдегі ең жаман адам мен болсам да, ауыл аймақтағы жемқорлыққа батқан сыбайластық ашылуы керек! Халықтың көзі ашылып, «біз бәрін айтамыз» деп тұрған халыққа демеу болу – әрбір журналист пен белсендінің міндеті», - деді Орынбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары