$ 449.58  486.94  4.86

«Көпбалалы аналарға жұмыс істетпей-ақ ақша беріп, үйде отырғызу керек» - Мәжіліс депутаты

"Жәрдемақы беріліп отырса, ол жұмысқа өзі де шықпайды ғой", - дейді ол.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Qasqa jol» арнасына берген сұхбатында көпбалалы аналарға мемлекеттен берілетін жәрдемақы жөнінде пікір білдірді.

Қазыбек Иса Сенат депутаты Әли Бектаевтың сынға ұшыраған даулы мәлімдемесін қолдамайтынын жеткізді.

«2019 жылы бес періште өртенді. Оның артынан әйелдердің көшеге шығуы басталды. Сол кезде жәрдемақы адам басына екі мың еді. Министр болып тұрған Мадина Әбілқасымова да осындай әңгіме айтып қалған. Сол кезде мен: «Бұл әлеуметті қорғау министрі ме, әлде әлеуметті қорлау министрі ме?» деп жазғанмын. Жәрдемақының қаншалықты көп болғаны соншалықты жақсы. Әли Бектаевтың өзінен сұрау керек (кімнің мүддесін қорғап жүргенін – ред. еск.). Жәрдемақы адам басына сол кезде 21 мың болады деді. Кейін оның жартысы кесіліп, 11 мың болды», – дейді Мәжіліс депутаты.

– Негізі біз жері үлкен, халқы өте аз елміз. Сондықтан қазақтың санын көбейту үшін қазақтың аналарын жұмыс істетпей-ақ жәрдем беріп отыру керек. Үйінде бала көбейтіп отырған болса… Мысалы, біздің «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасында аналардың алған несиесін бір бала туған кезде 75 пайыз, екі бала туған кезде 50 пайыз, үш бала болған кезде 25 пайыз қысқарту керек, төрт бала туған кезде несиесін жою керек деген пункт бар. Мемлекет өзі көтеріп алу керек несиесін. Біз сондай саясат ұстанбасақ, біз көбеймейміз онсыз да. Халық қалай көбейеді? Екі жолы бар. Адамның тууынан және шетелдегі қандастарымыздың келуінен. Шетелдегі қандастарымыздың келуі 100 есе түсіп кетті. Ал, мынау өзіміздің аналарымыз көшеде жұмыс істеймін деп үйінде балалары өртеніп жатыр. Бала бағып отырса, әр балаға 25 мың берсе болады. Әр балаға 50 мың бер. Төрт бала туған аналарға жұмыс істетудің қажеті жоқ негізі. Жәрдемақы беріліп отырса, ол жұмысқа өзі де шықпайды ғой. Оған көшеге шығып, жұмыста жүріп, үйіндегі төрт баласын уайымдау керек пе, әлде төрт баласымен мемлекеттің беріп жатқан ақшасы жетсе, бағып отырғаны жақсы емес пе?», – дейді депутат.

Oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары