18.07.2021, 09:39

Covid-19: Қазақстанда «жасыл» аймақта тұрған өңір қалмады

Фото: ашық дерек көзі
13 өңір «қызыл» аймақта тұр.

18 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.