$ 444.32  473.33  4.76

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аптап болады

Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қазақстанның батысында 40 градусқа дейін аптап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгеромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

18 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
 
Күндіз 18-20 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні найзағай кезінде секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.

18 шілдеде күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін аптап күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
 
Ақмола облысында найзағай, бұршақ, тұман болады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 

18 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
 
Солтүстік Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 
 
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары