$ 449.58  486.94  4.86

COVID-19: «Дельта» штамы несімен қауіпті?

«Дельта» штамы өте жылдам жұғады. Оның инкубациялық кезеңі 7 күннен аспайды.

Коронавирустың «Дельта» штамында аурудың аса ауыр түрі байқалып отыр. Сонымен қатар, бұл штамм маскировка жасай алатындықтан жұқтырған адам ауырғанын байқамай қалуы да мүмкін, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Дельта» штамының ерекшеліктері: ол агрессивті, алғашқы уақытта іш қатты ауырады, яғни пациенттердің көбісі іші, асқазаны ауыратынын айтып жатады. Ал ПТР-тест алған кезде науқастардың өкпеге айтарлықтай зақым келгені анықталып жатыр, - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, «Дельта» штамы өте жылдам жұғады. Оның инкубациялық кезеңі 7 күннен аспайды, көптеген науқаста 3-4 күнде іші ауырып, 5-6-күндері жөтеліп, өкпесі зақымдалады.

Дегенмен, басқарма басшысы вирус қалай мутацияланса да онымен күресте вакцина тиімді болып қала беретінін айтты. Ол сондай-ақ екпенің қалай әсер ететінін түсіндіріп берді.

Жаңадан вакцинацияланған адам вирус тасымалдаушы бола ала ма? Бұл мүмкін емес, ол адамда тірі вирус жоқ. Ол ағзада көбеймейді. Вакцинаның мақсаты – иммунокомпетентті жасушаларға жету және оларды қоздыру арқылы, иммуноглобулин түрінде жауап алу, яғни антидене шығарады. Бұл жасушаның жады пайда болады және ол вирус келгенде жеткілікті мөлшерде антидене шығара бастайды. Яғни, ағзаны қорғау үшін белгілі бір мөлшерде антиденелер әрдайым қанның құрамында болады, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары