$ 494.87  520.65  4.91

«Шығыңыз! Бәріне ауру жұқтырасыз»: Қарағандыда ауыр сырқаты бар науқасты емханадан қуып шыққан

Валентина Мұстафина екі апта бойы созылмалы пиелонефриттің асқынуынан зардап шегіп отыр.Үйде ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектермен емделу ешқандай пайда әкелмеген. Аурухана барлық орындардың бос емес екенін айтып, оны жатқызудан бас тартқан.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бүйрек ауруы бар Қарағанды тұрғыны ПТР тесті оң болғандықтан өзін күндізгі стационардан шығарып жібергеніне шағымданды. Әйел бүйрек ауруының асқынуына дәрігерлердің көмегінсіз өзі төтеп бере алмайтынына сенімді. Егер ауыр патологиясы бар адамнан COVID анықталса жағдай не болады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Валентина Мұстафина екі апта бойы созылмалы пиелонефриттің асқынуынан зардап шегіп отыр.Үйде ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектермен емделу ешқандай пайда әкелмеген. Аурухана барлық орындардың бос емес екенін айтып, оны жатқызудан бас тартқан. Күндізгі стационар да ПТР тесті оң нәтиже бергендіктен жатқызуға рұқсат бермеген. Бірақ коронавирустың симптомдары білінбепті. 

Маған сол жерде тұрған әйел дереу "Болды, шығыңыз!" деді. "Шығыңыз! Бәріне ауру жұқтырасыз" деп мені итті көшеге қуғандай қуып шықты. Содан кейін мен орындықта бір сағат отырдым.

Клиниканың айтуынша, созылмалы науқаста COVID анықталған кезде, оны таза аймақтан шығарады. Өкпенің КТ және басқа да тексерулері жасалады. Созылмалы аурудың асқынуы және COVID анықталған науқас жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық госпитальға жатқызылады. 

Сол жерде негізгі аурумен қатар барлық ауруы емделеді. Егер өкпе 20% – дан аз зақымданса, COVID белгілері байқалмайды. Созылмалы ауру амбулаториялық емдеуге мүмкіндік береді, яғни пациент үйде қалдырылады. Оң ПТР-мен жоспарланған операция да кейінге қалдырылады. Сауыққаннан кейін жаңадан кезекке қояды. Егер жағдай шұғыл болса, комиссиямен шешіледі. Бұл онкологиялық науқастарға да қатысты. Диализде коронавируспен ауыратын науқастар үшін арнайы бөлімдер бар.

“Ешкім, ешқандай ауру ұмытылмайды. Біз созылмалы аурулары бар науқастарды қарауды ұмытпаймыз және емдеуді жалғастырамыз. Бірге күресу керек. Біз майданда жалғыз қалдық. Ал халық әрқашан теріс пікірде. COVID кезінде созылмалы аурулар жиі шиеленіседі. Валентина Мустафинаға системасын салып, екі пакет дәрісімен үйіне жібердік. Оған мобильді бригада келеді деп уәде бердік”,- дейді Қарағанды қалалық № 4 емхана директоры орынбасарының міндетін атқарушы Шахрух Туламетов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары