$ 446.49  475.38  4.79

Мемлекет басшысы белгілі кардиохирургтің қазасына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы, Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ЭК. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы, Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

— Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды.

Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, — делінген жеделхатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары