28.07.2014, 07:10

Қызылордада «АТФ Банкінің» қызметкері 600 млн. теңге жымқырған

Фото: kursiv.kz

Қызылордада «АТФ Банкі» коммерциялық филиалының касса қызметкері 602 млн. теңге жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды Total.kz.

Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі таратқан мәліметке сай, касса меңгерушісі банк қоймасына кіре алатын материалды-жауапты тұлға бола тұра жыл басынан бері ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталуда.

Касса меңгерушісі ұсталып, бүгінде оған қатысты 176 бап «Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.