Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто Токио олимпиадасы тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Мутоның айтуынша, қазірдің өзінде спортшылар арасында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталған. Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 68-ге жеткен. Көрсеткіш нашарлай берсе, олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жаңа штамм пайда болуы мүмкін дейді. Оның пайымынша жаңа мутация "Дельта" штамынан да қауіптірек болуы ғажап емес.
"Вирустың таралуы неғұрлым кең болса, қазір көп зиянын тигізіп жатқан "дельта" нұсқасынан да қауіпті болу мүмкіндігі соғұрлым көп вирус шығуы мүмкін. Неғұрлым көп нұсқа болса, олардың біреуі вакциналарға қарсы тұра алатын жағдай болуы мүмкін және бәріміз басына ораламыз", - дейді ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус.