$ 494.87  520.65  4.91

Байқоңырдан «Протон-М» зымыранын ғарышқа ұшырды

Ол 29 шілдеде Халықаралық ғарыш станциясына жетуі тиіс.

Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшты деп жазады Zakon.kz. ракетаның бортында «Наука» деп аталатын көпсалалы зертханалық модуль бар.

Ұшқаннан 10 минут өткен соң зымыранның негізгі бөлігі тасымалдаушысынан бөлініп, жермаңы орбитасына шықты. 29 шілдеде аппарат Халықаралық ғарыш станциясына жетеді.

Еске салайық, 2013 жылы «Протон-М» зымыраны Байқоңырдан ұшқан сәтте жарылып, оның қалдықтары сол маңға құлаған болатын. Тәуелсіз сарапшылар сол кезде ауаға мыңдаған тонна гептил улы заты тарағанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары