$ 494.87  520.65  4.91

Белсенді Құрмет Талапқазы «Халық құрметі» марапатына ие болды

Ол Маңғыстауда қуаңшылық орын алып, Қазақстанның оңтүстігіндегі халық асарлатып, шөп жөнелтуді бастаған.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Маңғыстаудағы қуаңшылықпен күресу үшін қазақстандықтарға үндеу тастап, Түркістан облысында шөп орып жатқан ерікті Құрмет Талапқазы «Халық құрметі» марапатына ие болды.

Facebook желісінің қолданушысы Құрмет Талапқазының адал еңбегі үшін алған орденімен түскен суретін жариялап жазба қалдырған.

«Сүйінші ағайын!! Құрмет бауырымыз мараппаталыпты. Жарайсың. Өркенің өссін. Мың бол!!! Барынша таратыңыз. Мерейі тасысын. Ертең, қыз басымен Батысқа жіберілетін көмектің басы қасында жүрген Балнұр қарындасымыз жайлы саламын. Осындай елім жерім деген жандар көбейсе екен» делінген жазбада.

Еске сала кетейік Маңғыстауда қуаңшылық орын алып, Қазақстанның оңтүстігіндегі халық асарлатып, шөп жөнелтуді бастаған. Аталған шараны өзге өңірлерде қолдап, шөп жіберуге кіріскен. Қазіргі уақытта маңғыстаулықтар мал азығының алдыңғы қатарын алып та үлгерді. Әлеуметтік желі қолданушылары түркістандық азамат Құрмет Талапқазыны мақтап, «Құрмет құрмет орденіне лайық» деп жарыса жазысқан-ды.

                                                                                                                                                                       Orda.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары