$ 498.34  519.72  4.85

«Келін» сериалындағы Кальяни рөлімен көпшілікке танымал актриса өмірден өтті

Үндістандық басылым актрисаның 2018 жылы түсірілім кезінде инсульт алып, құлап, басынан ауыр соққы алғаны туралы жазады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Үндістандық кино және театр әртісі Сурекха Сикри 16 шілде күні 75 жасында дүниеден озды. Жергілікті The Indian Express басылымының хабарлауынша, актрисаның жүрегі тоқтап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Келін" сериалындағы Кальяни Деви рөлімен көпшілікке танымал актриса ұзақ уақыт ауырған. Үндістандық басылым актрисаның 2018 жылы түсірілім кезінде инсульт алып, құлап, басынан ауыр соққы алғаны туралы жазады.

Ал 2020 жылы Сурекха Сикри қайта инсульт алып, өмірінің соңына дейін дертінен толық айыға алмаған.

Айта кетейік, Сурекха Сикри 1945 жылы 19 сәуірде Нью-Делиде туған. Ұлттық драма мектебін тәмамдаған. Алғаш экранға 1978 жылы шықты. Ондаған фильм мен сериалдарға түскен. Сурекха Сикри Үндістан ұлттық киносыйлығының үш дүркін лауреаты болған.

Атап айтқанда, актриса "Тамас" (1988), "Маммо" (1995) "Бадхаай Хо" (2018) фильмдеріндегі рөлдері үшін марапатталған. Актрисаға бұл сыйлық ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін берілген. 2008 жылы Сурекха Сикри "Келін" сериалындағы ең үздік әйел рөлі үшін Indian Telly марапатына лайық деп танылды. 2009 жылы актриса күйеуі өмірден өтті. Оның бір ұлы бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары