22.07.2021, 20:55

Коронавирустың «лямбда» штамы таралып жатыр

Фото: ашық дерекөз
Дәрігерлердің айтуынша, вирустың бұл түрі тез жұғады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамның 30-дан астам елге таралғанын анықтаған, деп хабарлайды ЭК.

«Профиль» журналының жазуынша, бұл туралы 19 шілдеде онлайн-трансляция барысында ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхов айтқан. Коронвирустың жаңа түрі ең алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында Перуда тіркелген екен.

Маусым айының соңында «лямбда» штамы Ұлыбританияда анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, вирустың бұл түрі тез жұғады. Ол жылдам өзгереді және сыртқы жағдайларға бірден бейімделеді.