$ 448.15  483.46  4.86

Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді

Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімінің сайлауында белсенді дауыс беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-де. 

25 маусымда аудандық сайлау комиссияларының шешімімен еліміздің 14 облысының 176 ауданында (қалаларында) 730 сайлау округі бойынша сайлау жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары